16.09.2016, 12:18 4724

ОҚО әкімі облыстық депутаттарды қабылдады

Елбасыныӊ еӊбек күші мол аймақтан солтүстік өӊірлерге қоныстандыру арқылы жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау жөніндегі тапсырмасы аясында биыл оӊтүстіктен солтүстікке қоныстанған 74 отбасыға мемлекеттен бөлінетін субсидия толығымен берілді.

Шымкент. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Өӊір басшысы Бейбіт Атамқұлов оӊтүстіктен солтүстікке қоныс аударған азаматтардыӊ жағдайымен танысу мақсатында еліміздіӊ солтүстігіне баратын облыстық мәслихат депутаттарыныӊ делегациясын қабылдады.

Бұл туралы аймақ әкімдігініӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Айта кету керек, құрамында облыстық мәслихаттыӊ хатшысы Қ.Айтөреев, облыстық мәслихаттыӊ депутаттары Ж.Ағабеков, Д.Ибіш, А.Салимов, М.Төлтебаев пен М.Тұрысбековтер бар жұмысшы топ мүшелері іссапар кезінде Солтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Е.Сұлтановпен, xалық қалаулыларымен және қоғам қайраткерлерімен жүздеспек.

Елбасыныӊ еӊбек күші мол аймақтан солтүстік өӊірлерге қоныстандыру арқылы жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау жөніндегі тапсырмасы аясында биыл Оӊтүстіктен Солтүстікке қоныстанған 74 отбасыға мемлекеттен бөлінетін субсидия толығымен берілді. Бүгінде тағы 32 отбасыныӊ құжаты р?сімделуде.

Кездесу барысында депутаттар облыс әкіміне осы бағдарламаныӊ іске асу барысы туралы айтты. Сонымен қатар, халық қалаулылары қос облыстыӊ екіжақты ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады.

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасында "жұмыс күшіне тапшы" аймақтарға "жұмыс күші артық" облыстардан мамандарды шақыру жайы да айтылған. Ир облыс осы бағдарлама негізінде азаматтарды көшіру жоспарын жасауға кіріскен. Халық аз қоныстанған Солтүстік Қазақстан облысы ғана емес, жұмыс күші жетпейтін Шығыс Қазақстан облысы да осы істі бастап кеткен.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2050 жылға қарай Қазақстанныӊ ішкі көші-қон саласында теӊгерімсіздіктер орын алуы ықтималдығын да алға тартады. Мәселен, 2050 жылға қарай солтүстік өӊірлердегі халықтыӊ саны шамамен миллион адамға қысқарса, керісінше оӊтүстік өӊірде 5,2 млн. адамға артады. Болжамды деректер бойынша оӊтүстік өӊірдегі халықтыӊ қоныстану тығыздығы солтүстік өӊірден 4 есеге артады. "Сонымен қатар, оӊтүстік өӊірлерде (Алматы қаласын қоспағанда) халықтыӊ 38 пайызы шоғырланса, сөйте тұра олардыӊ жалпы аймақтық өнімдегі үлесі 17 пайызды ғана құрайды. Ал батыс өӊірлерде халықтыӊ 11 пайызы тұрып, жалпы аймақтық өнім үлесі 22 пайыздан асады. Солтүстік аудандарда халықтыӊ 29 пайызы шоғырланып, жалпы аймақтық өнімі 25 пайызды құрауы мүмкін", - дейді Тамара Дүйсенова. Бұл ретте министр оӊтүстік өӊірлерде адамдардыӊ басым бөлігі сауда және қызмет көрсету секілді басқа да жұмыстарға тартылса, солтүстік аумақтардыӊ экономикасы жан-жақты дамып, жеткілікті деӊгейде саралана түсетінін айтады.

Сөйтіп, көші-қон саясатын бүгіннен бастап сауатты жүргізбесе, алдағы уақытта Қазақстанда туындайтын басты проблема оӊтүстікте адам саны артып, солтүстіктегі төмендеуімен ұштасуы ықтимал. Ал әлемдік тәжірибеде белгілі болғанындай, экономикалық өсім негізінен халықтыӊ шоғырлануы жоғары аудандарда орын алады. Сонымен қатар, дарынды жастар ұмтылатын, ғылым мен инновация қалыптасатын жерлерге инвестициялар ағыны да көбірек тартылады. Ендеше, Қазақстандағы ішкі көші-қон ахуалын қазірден бастап "қолмен" реттемесе, келешекте еліміз кері жағдайды бастан кешетіні белгілі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, халықтыӊ тығыз шоғырланған оӊтүстік өӊірлерде өнімділік еӊ төмен деӊгейде болса, керісінше халық тығыздығы төмен батыс өӊірлерде өнімділік жоғары болып отыр. Сөйтіп, мәліметтерге қарағанда, еліміздіӊ негізінен солтүстік өӊірлері ғана көбінесе әлемдік тенденцияға сәйкес болып саналады. Бұл индустрияландыру бағдарламасы белсенді жүзеге асатын кезеӊдерде еӊбек ресурстарыныӊ теӊгерімсіздігіне де соқтыруы мүмкін.

"Илемдік тәжірибелерге келсек, ішкі көші-қонныӊ басты трендтері саяси, экономикалық, индустриялық негіздерден туындайды. Соған орай, Қазақстанда ішкі көші-қон саясатын екі бағытта жетілдіруді ұсынамыз, бұлар: халықты "оӊтүстіктен-солтүстікке" және "ауылдан-қалаға" қарай шоғырландыру. Бұл ретте ауылдан қалаға қарай көшу үдерісі елімізде мейлінше табиғи қалыпта өрбіп отырғаны анық, яғни бұған ешқандай да ынталандырудыӊ тетігі керек емес, урбанизация өз бағытымен бір қалыпты жағдайда жүріп жатыр. Ал "оӊтүстіктен-солтүстікке" көші-қон үдерісін арттыру үшін ынталандыру тетіктері, жұртшылықты көшіру үшін жағдайлар жасалуы керек. Бұныӊ бәрі ерікті түрде жүзеге асуы шарт", - дейді Тамара Дүйсенова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны