01.11.2016, 23:50 3952

ОҚО әкімі Шымкент шенеуніктерініӊ жұмысын сынға алды

31 қазанда Шымкент әкімі мен оныӊ командасы атқарылған жұмыстар туралы облыс басшысына есеп берген болатын. Қалада инфрақұрылым дами түскені, заӊсыз құрылыспен күрес жүргізіліп жатқаны, қаланы жасылдандыру қарқын алғаны жайлы сөз болды.

Шымкент. 1 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Шымкент әкімдігініӊ қаланы көгалдандыру және инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстарын сынға алды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today мемлекеттік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

31 қазанда Шымкент әкімі мен оныӊ командасы атқарылған жұмыстар туралы облыс басшысына есеп берген болатын. Қалада инфрақұрылым дами түскені, заӊсыз құрылыспен күрес жүргізіліп жатқаны, қаланы жасылдандыру қарқын алғаны жайлы сөз болды.

Жиналғандар қала басшылығы келесі жылы қала тұрғындарыныӊ санын 1 млн адамға жеткізуді жоспарлап отырғанын, ал қазір 896,1 мыӊ азамат тұратынын естіп білді. Еӊ ірі әрі ұдайы кептеліс болып жататын көшелердіӊ қиылыстарында көлік жолайрықтары салынады деп жоспарлануда. Қала басшылығы бірқатар көшелерді кеӊейтіп, жолаушы тасымалдайтын көліктердіӊ қозғалысын ретке келтірмекші. Осы орайда қала әкімі Ғабидулла Ибдірахымов аталған мақсаттарға облыстық бюджеттен жыл сайын субсидиялар ретінде 1 млрд теӊге қажеттігін алға тартты.

Облыс әкімі заӊсыз құрылыс ауқымы өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға өскенін ести сала сынға алды. Құрылыс салынып бітпей жатып, баланста дайын нысан ретінде есепке алынады, деді облыс басшысы. Заӊсыз құм қазып алу жұмыстары да өӊір басшысыныӊ сынына ілікті. Құм жерден де, тау-тастан да, өзеннен де, көлден де қазып алына береді, ал кәсіпкерлерде рұқсаттама құжаттары деген атымен жоқ, деді Ж.Түймебаев.

Бұл жөніндегі жауапты облыс әкімі ОҚО Жергілікті полиция қызметініӊ басшысы Балтабек Абылаевтан сұраған еді, ол шығын мөлшері 1 млн теӊгеден асқан жағдайда ғана кәсіпкерді жауапкершілікке тартуға болатынын айтып құтылды. Құм артқан Камаздар полиция кете салысымен қайта шұбыратынын айтқан облыс әкімі рейдтердіӊ тиімсіздігін атап көрсетті.

Шымкентті көгалдандыру мәселесін де облыс әкімі өткір сынға алды. Өӊір басшысы көшеттерді сатып алу бағасына да ыза білдірді. Үйеӊкі көшетін 60 мыӊ теӊгеге сатып алу ысырапшылық, арзан ұсыныстарды табуға неге болмайды, деді ол. Ағашты отырғызып алып, оны суаруды ұмыт қалдырудыӊ себебін де әкім сұрады. Бұған дәлел ретінде облыс әкімі өз тапсырысы бойынша түсірілген фотосуреттерді жайып салды. Оларда Шымкенттік шенеуніктер ретке келтіруге тиіс болатын бұзушылықтардыӊ бәрі көрініс тапқан. Олардыӊ арасында су көрмей қурап қалған көшеттер, ағаштары жоғалып кеткен жол бөлгіш жолақтар, аулалар мен ықшамаудандардағы бейберекет қоқыстар, күйреп қалған жол жиектері мен жарамсыз күйге түскен арықтардыӊ бәрі көрсетілген. Облыс басшысы атқарылмаған жұмыстардыӊ осындай фотоесебін ендігі жерде тұрақты жасап отыратынын жасырмады.

Бақылау жұмыстарына әкім тәуелсіз сарапшыларды тартқан. Облыс әкімдігінде өткен жиын расында да қызу болды. Тіпті жекелеген шенеуніктерге жұмыс орындарын босату туралы ұсыныс та жасалды. Жолдарға, қаланы жасылдандыруға, заӊсыз құрылысқа қатысты қалыптасып отырған күйкі тірлік жолға қойылмаған жағдайда жұмыстан кету туралы оларға шарт қойылды.

Шымкенттегі үйлердіӊ 60%-ы көпқабатты болуға тиіс. Ал қазір пайыздық арақатынаста алғанда көпқабатты үйлердіӊ үлесі жеке меншік сектордан мүлдем кенжелеп қалған. Қаланы көгалдандыру жұмысында жолдарды кеӊейту үшін ағаштарды кесу қиындығы туындағаны туралы қала әкімі баяндады.

"Біз қаладағы, мысалы, Төрақұлов және Байтұрсынов секілді көшелерді кеӊейтуді жоспарлап отырмыз. Алайда ондай жағдайда біз қала тұрғындарынан ағаштарды кесуге рұқсат алуымыз қажет",- деді Шымкент әкімі Ғабидулла Ибдірахымов.

Облыс әкімі қаланы жасылдандыру - басты мақсаттардыӊ бірі екенін айта отырып, Шымкентке мәӊгі жасыл Шымқала деген даӊқын қайтаруға шақырды. Өӊір басшысы бұл мақсатта қолдау көрсетуге әзірлік танытты .

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев: "Біз Шымкент деген сөздіӊ түпкі мәнін жадымыздан шығарып алғандаймыз. Жоспарланған 72 000 ағаштыӊ орнына небәрі 32 000 көшет отырғызылған. Жылдыӊ аяғына дейін қаланы жасылдандыруға 500 млн. теӊге бөлініп отыр",- деді.

Шымкент әкімініӊ орынбасары Бейсенбек Жанбосынов жиналғандарға ағаш көшеттерініӊ қымбат екенін, суару үшін де қыруар қаржы қажеттігін алға тартты: "Мысалы, Қырым үйеӊкісі 60 000 теӊге тұрады. Кейбір ағаштарды өз питомниктерімізден, кейбірін Алматыдан сатып алғалы отырмыз",- деді.

Мұндай жауапқа әкімніӊ көӊілі толған жоқ, жұмысқа деген сыӊаржақ көзқарас жайлы шенеуніктіӊ жадына салынды.

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев: "Ондай қымбат ағашты не себепті сатып алмақшысыздар?! Жергілікті күн райына төзбейтін мұндай ағаштар кімге не үшін керек?! Мәселені арзанға, тіпті тегінге шешу мүмкіндігі бола тұра, қымбат бағаға қызығу қайдан шыққан қылық?! Көршілес Тараз немесе Ташкентке неге баруға болмайды?! Ондағы ағаштар жап-жасыл жайқалып тұрады, ал біздіӊ қаламыз жасылданудыӊ орнына шаӊ-топыраққа айналып барады. Ағаш егуге 2 ай мұрсат беремін",- деді.

Жолдардыӊ жағдайы да әкімніӊ назарынан тыс қалмады. Фотоесепте көрсетілген келеӊсіз жайттарға қатысты сұрақтарына әкім жарытып жауап ала алған жоқ. Өздері жауаптанып алған жұмысына қырсыздық танытқан шенеуніктерге жағдайды жақсы білетін кәсіпқой адамдарға орындарын босатып беру туралы кеӊес берілді. Бұған қоса өӊір басшысы әкімдерге өз аудандарын жиі аралап тұруды ұсынды.

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев: "Галстук тағып қақиып- сықиып жүрмей, жаяу аралап шығыӊыздар. Аудандарыӊыздыӊ қай жерінде қандай проблема бар екенін өз көздеріӊізбен көріӊіздер. Аудандарды қоқыстардан тазартыӊыздар. Кейде тіпті ағаштар жауып қалғандықтан жол белгілері де көрінбей жатады. Осылардыӊ барлығын реттеуге бір апта уақыт беремін".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны