11.06.2018, 16:44 5569

ОҚО әкімі жаӊа аудандардыӊ құрылуына орай Сарыағашқа барды

Айта кететіні, енді жаӊа құрылым бойынша Сарыағаш ауданыныӊ аумағы аумағы - 417074 гектарды, халқыныныӊ саны - 191 096-і құрайды. Құрамында 14 ауылдық округ пен 71 елді мекен болмақ. Орталығы - Сарыағаш қаласы. Ал Келес ауданыныӊ аумағы 345 127 гектарды құраса, халқыныӊ саны - 135 819. Ауданда 12 ауылдық округ пен 83 елді мекен қарамағында болады. Орталығы - Абай ауылы.

Шымкент. 11 маусым. Kazakhstan Today - ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасы Жарлығына орай өӊірде жаӊа аудандардыӊ құрылуына байланысты Сарыағаш ауданына барды. Жаӊадан құрылған Келес ауданыныӊ орталығы Абай ауылындағы орталық стадионда өткен салтанатты шараға облыстық мәслихаттыӊ хатшысы Қ.Балабиев, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Н.Жолдасов, сондай-ақ облыстық мәслихаттыӊ депутаттары мен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Тарихи жиында алғашқы болып сөз алған аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлы ауданныӊ бөлінудегі маӊызына тоқталып, жергілікті жұртқа құттықтауын жеткізді.

"Бүгін біз өздеріӊізбен аса бір үлкен тарихи оқиғаныӊ куәгері болудамыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев халық тілегін орындап, еліміздегі еӊ үлкен ауданды екіге бөліп берді. Кезінде Келес ауданыныӊ даӊқы мақта өндіру саласындағы жетістіктерімен бүкіл кеӊестер одағына дүрілдеп танылды. Осы салада бұл өӊірден көптеген Социалистік Еӊбек Ерлері шықты. Бұл аудан Өзбекстанныӊ 5 ауданымен шекараласады. Халқыныӊ саны 350 мыӊнан асты, яғни кейбір солтүстік облыстардыӊ халқыныӊ санына шамалап қалды. Елбасымыздыӊ үлкен стратегиялық маӊызы бар шешімімен қайта қалпына келтіріліп жатқан Келес деп аталатын аудан барлығымызға құтты болсын", - деді облыс әкімі.

Айта кететіні, енді жаӊа құрылым бойынша Сарыағаш ауданыныӊ аумағы аумағы - 417074 гектарды, халқыныныӊ саны - 191 096-і құрайды. Құрамында 14 ауылдық округ пен 71 елді мекен болмақ. Орталығы - Сарыағаш қаласы. Ал Келес ауданыныӊ аумағы 345 127 гектарды құраса, халқыныӊ саны - 135 819. Ауданда 12 ауылдық округ пен 83 елді мекен қарамағында болады. Орталығы - Абай ауылы.

Сондай-ақ, салтанатты шарада аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев аудан үшін тер төгіп, еӊбек еткен азаматтарды "Облысқа сіӊірген еӊбегі үшін" медалімен, Облыс әкімініӊ грамотасымен және алғыс хатымен марапаттады.

Айтулы тарихи күнде отандық эстрада жұлдыздарыныӊ концерті ұйымдастырып, жергілікті жұртқа мерекелік тарту жасалды.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны