07.10.2008, 14:16 2415

ОҚО "Арыс-Қаратау" қорығында Отырар ауданының екі тұрғыны браконьерлігі үшін ұсталды

ОҚО "Арыс-Қаратау" қорығында Отырар ауданының екі тұрғыны браконьерлігі үшін ұсталды

Шымкент. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы "Арыс-Қаратау" мемлекеттік қорығында Отырар ауданының екі тұрғыны браконьерлігі үшін ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өткен аптада Отырар АІІБ қызметкерлері жан-жануарлар әлемін қорғау жөніндегі инспекторлармен бірлескен рейд шаралары кезінде "Арыс-Қаратау" мемлекеттік қорығының аумағында заңсыз аң аулағаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысының 33 және 37 жастағы екі тұрғынын ұстады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ұсталғандардан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жайранның 6 өлімтігі, 4 дана жайран мүйізі, 15 қоян мен бір тіркеусуз аңшы мылтығы алынды. Табиғатқа келген шығын көлемі 2 млн 890 мың теңгені құрайды. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны