18.01.2011, 18:00 4066

ОҚО аудандық салық басқармасының бас маманы пара алды деген күдікпен ұсталды

ОҚО Ордабасы аудандық салық басқармасының бас маманы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ОҚО Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Шымкент. 18 - қаңтар. Kazakhstan Today - ОҚО Ордабасы аудандық салық басқармасының бас маманы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ОҚО Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қаржы полициясының хабарлауынша, Ордабасы аудандық салық басқармасының бас маманы екі кәсіпкерден жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлік беру және ресімдеу мерзімін жеделдету үшін бірнеше рет пара алды деп айыпталуда.

"Салық инспекторы өз кабинетінде пара алу үстінде ұсталды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ұсталған азаматтың үстінен ҚР ҚК 311 бабы (Пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол сот санкциясымен қамауға алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны