05.03.2013, 13:17 13371

ОҚО экологтары "ФудМастер-Шымкент" компаниясына тексеру жүргізбек

"Интернетте (...) аталмыш компания өндірісінде мөлшерден көп зиянды қалдықтар шығарылған деген жазбаны көріп қалдым. Енді сол жерде тексеру жүргізу қажет деп экология департаментіне талап қойып отырмыз", - деді сейсенбі күні "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне.

Шымкент. 5-наурыз. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысының экология департаменті "ФудМастер-Шымкент компаниясы" ЖШС-не тексеру жүргізбекші, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ОҚО арнайы табиғат қорғау прокуроры Жанболат Туғанбаев мәлім етті.

"Интернетте (...) аталмыш компания өндірісінде мөлшерден көп зиянды қалдықтар шығарылған деген жазбаны көріп қалдым. Енді сол жерде тексеру жүргізу қажет деп экология департаментіне талап қойып отырмыз", - деді сейсенбі күні "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне.

Оның сөзіне қарағанда, тексеру жақын арада жүргізілуі тиіс.

Осыдан біраз уақыт бұрын қазақстандық БАҚ Оңтүстік Қазақстан облысы Көк-Сәйек елді-мекенінің тұрғындары аталмыш компания өзенді ластап жатыр деп айыптағаны туралы хабарлаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны