22.10.2008, 17:17 3014

ОҚО еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің үш қызметкері пара алғаны және жалған құжат жасағаны үшін сотталды

ОҚО еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің үш қызметкері пара алғаны және жалған құжат жасағаны үшін сотталды

Шымкент. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті директорының орынбасары мен екі бас маманы пара алғаны және қызметтік жалғандық үшін түрлі мерзімдерге жаза жүктеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шымкенттің Абай аудандық соты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті директорының орынбасары Елубай Махатовты ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-тармағы, 314-бабының 2-тармағы бойынша айыпты деп тауып, шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айырды.

Аталған департаменттің бас маманы Ерген Зұлпыхаров ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағы, 314-бабының 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айрылды. Оның әріптесі Сейдахмет Сиқымбаев қызметтік жалғандық үшін үш жылға шартты сотталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны