01.06.2016, 21:11 4554

ОҚО мемлекеттік бағдарламаларды орындауда көш басында

Оӊтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен келген ҚР инвестициялар және даму министрі И.Исекешев бастаған жұмысшы топ, түс қайта елімізде алғаш болып ашылған "Ontustik Tourism Center" туристік ақпараттық орталығыныӊ жұмысымен танысып, туризм саласын дамытуға тыӊ серпіліс беретін орталықтыӊ жұмысын құптады

Астана. 1 маусым. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен келген ҚР инвестициялар және даму министрі И.Исекешев бастаған жұмысшы топ, түс қайта елімізде алғаш болып ашылған "Ontustik Tourism Center" туристік ақпараттық орталығыныӊ жұмысымен танысып, туризм саласын дамытуға тыӊ серпіліс беретін орталықтыӊ жұмысын құптады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар, министр мырза Қазығұрт ауданындағы индустиаландыру картасы аясында іске асып жатқан органикалық тыӊайтқыштар шығаратын "LotusOrganicsLLC" ЖШС-гі мен Инвесторларға қызмет көрсету секторыныӊ жұмысжұмыс барысымен танысып көрді.

Серіктестік басшысы өз кезінде Исет Исекешевке биотехнологиялық фабрика үш кезеӊде іске асырылатындығын атап өтіп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар үшін алғысы жеткізді.

Оӊтүстікке жасаған іссапарыныӊ қорытындысы бойынша министр өӊір басшысы Б.Атамкұловпен бірлесіп жұмыс кеӊесін өткізді. Онда "Нұрлы Жол" бағдарламасыныӊ орындалу жайы айтылып, туризм, геология мен авиацияны дамыту мәселелері талқыланды.

Жиналыс барысында министр И. Исекешев Оӊтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіп өндірісініӊ өсімі жөнінен еліміздіӊ өӊірлері арасында көшбасшылар қатарында екенін атап өтті. Ал, алты жыл ішінде Индустрияландыру картасы аясында облыста сомасы 223 млрд. теӊге болатын 164 жоба іске асырылып, 13 мыӊ тұрақты жұмыс орыны ашылғанын айтты.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны