29.03.2018, 16:54 5894

ОҚО мен Өзбекстанныӊ сауда айналымы 622,6 млн АҚШ долларына жетті

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Өзбекстан Республикасынан келген бір топ зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік, іскерлік қарым қарым-қатынас, мәдени ықпалдастық орнату жайын сөз етті

Шымкент. 29 наурыз. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Өзбекстан Республикасынан келген бір топ зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік, іскерлік қарым қарым-қатынас, мәдени ықпалдастық орнату жайын сөз етті.

Бізді марқұм Ислам Кәрімовтіӊ ел басқарған кезінен бергі бірегей мәдени-рухани байланыстарымыз бүгінде жалғасын тауып келеді деген облыс әкімі екі ел арасындағы байланыстардыӊ маӊыздылығына тоқталды.

"Екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік оӊтүстіктіӊ қасиетті орындарыныӊ бірі - Ордабасыда осыдан 25 жыл бұрын өткен елдік жиында қабылданған "Мәӊгілік достық туралы" келісіммен нықталған. Өздеріӊізге белгілі биылғы 15 наурызда Астана қаласында Өзбекстанныӊ Қазақстандағы жылы жарияланып, салтанатты жағдайда ашылды. Баршаӊызға мәлім, соӊғы 1,5 жылдыӊ ішінде Қазақстан мен Өзбекстан арасында достық байланыстар бекіп, жаӊа деӊгейге көтеріліп келеді. Бүгінніӊ өзінде теміржол тасымалы 44 пайызға арттып, тауар айналымы 2 миллиард долларға жетті", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Соӊғы жылдары қос мемлекеттіӊ басшылары бірнеше мәдени ықпалдастық іскерлік қарым - қатынасын жалғастыру және саяси-экономикалық әріптестікті нығайту мақсатында маӊызды кездесулер өткізіп, ортақ саяси шешімдер қабылдағаны белгілі. Соныӊ нәтижесінде Өзбекстан мен Қазақстанныӊ белгілі кәсіпкерлері қатысқан халықаралық бизнес форум өткізіліп, жалпы құны 1,2 млрд. АҚШ долларына теӊ болған 75 келісімшартқа қол қойылған болатын.

Кездесу барысында сөз алған Өзбекстан Республикасы Жазушылар Одағыныӊ төрағасы Мұхаммед Или бауырлас екі ел арасындағы дәнекерлікті нығайту бағытында атқарылып жатқан кешенді іс-шаралардыӊ одан әрі жандана түсетініне сенім білдірді.

Өткен жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Өзбекстанға жасаған жұмыс сапары аясында мемлекетаралық байланысты одан әрі нығайтуға арналған 10 маӊызды құжат қабылданса, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімдігімен сауда-экономикалық және мәдени гуманитаралық салалардағы ықпалдастықты арттыру бағытында Ташкент, Сырдарья, Жызақ облыстары басшылармен әріптестік меморандумға қол қойылды. Елбасыныӊ осы сапары аясында қазақ-өзбек бизнес форумы ұйымдастырылып, оған қос ыелдіӊ 300-ден астам кәсіпкерлері қатысты. Дәл осындай іскерлікті нығайтуға бағытталған іс-шаралар Шымкентте де өтіп, Ташкент қаласы тауарөндірушілерініӊ көрмесі ұйымдастырылған болатын. Бүгінде Өзбекстан Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ сауда әріптесі болып табылады. Екежақты тауар айналымы 20,3 пайызды құрайды. 2017 жылы сауда байланысы 11,7 пайызға артып, 622,6 млн АҚШ долларына жетті.

Айта кетейік, бүгінде облыстағы 3 миллионға жуық тұрғынныӊ 17 пайызын өзбек этносыныӊ өкілдері құрайды. Облыстағы 15 мектепте білім өзбек тілінде білім берілсе, сондай-ақ, аралас тілді 50 мектепте өзбек кластары бар. Сонымен қатар, республикамыздағы жалғыз өзбек драма театрыда осы өӊірде орналасқан. Жалпы, облыс аумағында 4 газет өзбек тілінде жарық көрсе, 3 телеарна қазақ - орыс - өзбек тілдерінде хабар таратады. Облыс аумағында Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерініӊ "Достық" қауымдастығы мен облыстық өзбек этномәдени бірлестігі және оныӊ аудандық, қалалық 13 филиалы жұмыс істейді.

Жуырда ғана Қазақстан мен Өзбекстан арасында көлік-транзит саласындағы ынтымақтастық жанданып, арнайы жүрдек пойыз жолға шықты, жаӊа әуе жолы мен автобус бағыттары да іске қосылған болатын. Осыныӊ барлығы бауырлас екі ел арасындағы дәнекерлікті нығайту бағытында атқарылып жатқан кешенді іс-шаралардыӊ жарқын көрінісі.

Кездесуді қорытқан облыс әкімі өӊірде өткізіліп отырған И.Темірдіӊ 682 жылдығына арналған ғылыми тәжірибелік конференцияға сәттілік тіледі.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны