13.06.2008, 18:59 2999

ОҚО прокуратурасы Кентау қаласындағы 5-ЖЭО жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудағы көптеген заң бұзушылықтарды анықтады

ОҚО прокуратурасы Кентау қаласындағы 5-ЖЭО жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудағы көптеген заң бұзушылықтарды анықтады

Шымкент. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Кентау қаласындағы 5-ЖЭО жөндеуге және жылу желілерін жөндеу мен қайта салуға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудағы көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ОҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Тексеру барысында "Кентауэнерго" ЖШС басшылығының кінәсінан 289 млн 486 мың 500 теңге көлеміндегі бюджет қаражаты өз мақсатында жұмсалмағаны анықталды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, "Кентауэнерго" ЖШС басшылығы жылу энергетикалық орталығын жөндеуге арналған 400 млн теңге көлеміндегі ақша қаражатын негізсіз "БТА" АҚ депозиттік шотына салып, соның салдарынан 4 млн 136 мың 600 теңге көлеміндегі негізсіз табыс алынған.

5-ЖЭО 236 млн 825 мың 855 теңге сомасындағы жөндеу жұмыстарын жүргізу конкурсының нәтижесі бойынша "Отырар құрылыс Е. К." жеңімпаз деп танылған. Алайда, прокуратура "Кентауэнерго" ЖШС мен "Отырар құрылыс Е. К." аффиллирлік ұйымдар екенін анықтаған. Өйткені, олардың бірін әкесі, екіншісін баласы басқаратын болып шыққан. Сондай-ақ, жасалған жұмыстардың актілеріне солар қол қойған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны