14.04.2009, 18:21 9651

ОҚО салық департаменті төрағасының орынбасарының отбасына қарақшылық шабуыл жасаған осы отбасының қызының азаматтық күйеу баласы болып шықты

ОҚО салық департаменті төрағасының орынбасарының отбасына қарақшылық шабуыл жасаған осы отбасының қызының азаматтық күйеу баласы болып шықты

Шымкент. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Қайтпас" ықшам ауданында болған қарақшылық шабуыл жасау қылмысының бетін ашты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өткен брифингте айтылғандай 7 сәуір күні, таңғы сағат 4-тер шамасында "Қайтпас" ықшам ауданында орналасқан бір үйге қарақшылық шабуыл жасалған болатын. Тұрғын үйге қолдарында пышағы бар беттеріне бетперде киген екі белгісіз азамат басып кірген. Олар үйдегі бес адамға: 55 жастағы үйдің иесі мен жұбайына, 20 және 16 жастағы екі қызына және 27 жастағы туысына түрлі дене жарақаттарын салған.

Көмекке келген көршілерінен қорыққан қарақшылық жасаушылар, үйден ешнәрсе алып үлгермей оқиға орнынан ізін суытқан. Түрлі дене жарақатын алған жәбірленушілер ауруханаға жеткізілген. Алайда, сол күні 16 жастағы зардап шегуші қыз жан сақтау бөлімінде қайтыс болды.

Бір отбасына қарсы бағытталған бұл ауыр және қатыгез қылмысты ашу үшін ОҚО ІІД-де арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды. Қылмысты ашу барысында, жәбірленушінің араласу шеңберін зерделей келе, бірнеше болжамдар жасалды. Сол болжамдардың ішінде болған, осы отбасының күйеу баласына күдікті ретінде іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде бұрын ҚР ҚК 177- бабы "алаяқтық" бойынша сотты болған, жұмыссыз 1988 жылы туған отбасының бұрынғы күйеу баласы ұсталды.

"Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойнына алды. Айғақзаттар тәркіленді. Күдіктінің айтуынша, қоғамды дүр сілкіндірген осындай қатыгез қылмысқа баруына қыздың әке- шешесімен арада болған бас араздық қарым- қатынас себеп болған",- делінген хабарламада.

ІІД ақпаратына сәйкес, оның сыбайласының тұлғасы анықталды. Бүгінгі күні іздестірілу жұмыстары ұйымдастырылып ұстау шаралары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны