05.04.2011, 13:39 3902

ОҚО Тәжікстан азаматы есірткі сатқаны үшін сотталды

ОҚО Тәжікстан азаматы есірткі сатқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 5 - сәуір. Kazakhstan Today - ОҚО Тәжікстан азаматы есірткі сатқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысында Тәжікстан Республикасының азаматы Қазақстан аумағына есірткі кіргізгені үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

2010 жылдың 6 қазанында Сарыағаш ауданында жедел уәкілдердің жүргізген арнайы іс-шаралары барысында Қазақстан аймағына контрабандалық жолмен 36 кг астам героин алып келе жатқан 1955 жылы туған Тәжікстан Республикасының азаматы Сабиров Мағлан ұсталған болатын. Есірткі заттары бір реттік пайдалануға арналған 27 пластик құтыға салынған екен.Есірткі затын қылмыскер Қазақстан арқылы Ресейге өткізбек болған. Нәтижесінде ОҚО ІІД ЕБҚКБ қызметкерлерімен Қазақстан мен Ресейге есірткі тасымалдайтын тұрақты арна жойылды.

"Арнайы мамандандырылған облыстық соты Қазақстан аумағына контрабандалық жолмен аса ірі мөлшерде есірткі затын алып келген Тәжікстан Республикасының азаматы Сабиров Мағланды 18 жыл бас бостандығынан айырып, жеке мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды", - деп хабарлады ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны