28.10.2016, 09:33 4216

ОҚО-да "Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар" республикалық байқауыныӊ жеӊімпаздары марапатталды

Өз кезегінде сөз алған аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлы еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ 17 %-дық үлесі Оӊтүстік Қазақстан облысына тиесілі екенін, яғни бұл мәселелерді реттеуде өӊірге артылар жауапкершіліктіӊ жоғары екенін жеткізді.

Шымкент. 28 қазан. Kazakhstan Today - Кеше Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ орталығы - Шымкентте "Қазақстанда жүзеге асырылатын еӊ үздік әлеуметтік жобалар" көрмесініӊ аясында аталған байқаудыӊ жеӊімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ-ныӊ ұйымдастыруымен өткен шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Парламент депутаттары мен мемлекеттік органдардыӊ және қоғамдық бірлестіктердіӊ өкілдері қатысты.

Мүгедектердіӊ, жасы ұлғайған адамдардыӊ және халықтыӊ өзге де тобыныӊ өмірін жақсартуға негізделген әлеуметтік жобаларды қолдау - ҚР ДСИДМ қызметініӊ басым бағыттарыныӊ бірі.

Шарада сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудыӊ көмегімен өмірдіӊ қиындықтарына тап болған 250 мыӊнан астам азаматқа, оныӊ ішінде 100 мыӊнан астам шын мәнінде көмекке зәру адамдарға көмек пен қолдау көрсетілгенін атап айтты.

Өз кезегінде сөз алған аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлы еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ 17 %-дық үлесі Оӊтүстік Қазақстан облысына тиесілі екенін, яғни бұл мәселелерді реттеуде өӊірге артылар жауапкершіліктіӊ жоғары екенін жеткізді.

Биылғы жылы аймақтық комиссия 178 өтінішті қарастырып, 32 әлеуметтік жоба байқаудыӊ іріктеу кезеӊініӊ жеӊімпаздары атанды.

Құрамына министрліктіӊ, БАҚ-тыӊ өкілдері, ҚР Парламентініӊ депутаттары, қоғам қайраткерлері кірген іріктеу комиссиясыныӊ мүшелері ҚР ДСИДМ сайтындағы берілген дауыстардыӊ нәтижесін есепке ала отырып, еліміздіӊ барлық аймақтарында жүзеге асыруға болатын еӊ үздік жобаларды анықтады.

Атап айтқанда, бірінші орын "Онлайн сурдоаударма қызметі" әлеуметтік жобасыныӊ авторы алматылық Сергей Махашевке берілсе, екінші орынды "Көкшетау қаласында және Красный Яр ауылында тұратын, қозғалыста қиыншылық көретін 1 топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға үйде паллиативті көмек көрсету орталығын ұйымдастыру" әлеуметтік жобасы иеленді. Үшінші орынға "Адам саудасыныӊ құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету" әлеуметтік жобасыныӊ авторы, астаналық тұрғын Анна Рыль ие болды.

Жалпы, аталған жобаға Оӊтүстіктен облыс деӊгейінде 10 жоба қатысып, оныӊ 3-уі республикалық деӊгейге іріктеліп, ұсынылды.

Естеріӊізге сала кетейік, "Қазақстанда жүзеге асырылатын еӊ үздік әлеуметтік жобалар" көрмесі 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Үш жыл қатарынан Елордада өткен шара биыл аймақтар арасынан Оӊтүстік Қазақстан облысында бірінші болып ұйымдастырылып, республикалық деӊгейде өтіп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны