16.06.2014, 19:46 11566

ОҚО-да заманауи медициналық орталық ашылды

Клиникада осы күнге дейін ауданда жүргізілмеген күрделі травматологиялық, гинекологиялық, жалпы хирругиялық, нейрохирургиялық, урологиялық операциялар жасалады.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. Сарығаш қаласында "Азия Мед" медициналық орталығы салтанатты жағдайда ашылды. Аталған клиниканың құрылысы "Бизнестің жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілді.

Жоба құны - 350 миллион тенге. Аталған емханада 40 жұмыс орны ашылып отыр.

Клиникада осы күнге дейін ауданда жүргізілмеген күрделі травматологиялық, гинекологиялық, жалпы хирругиялық, нейрохирургиялық, урологиялық операциялар жасалады. Сонымен қатар, клиника емделушілерге отбасылық дәрігердің, педиатрдың, офтальмологтың, ересектер мен балаларға арналған психиатрдың, акушер-гинекологтың, кардиологтың, эндрокинологтың, физиотерапевттің, нейрохирургтың, сынықшы-ортопедтың және уролог-андролог секілді кең ауқымды медициналық қызметтер мен кеңестер көрсететін болады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Орталықтың барлық мамандары тәжірибелі медицина қызметкерлері, медицинаның түрлі салалары бойынша терең білімге ие, өз жұмысында тек классикалық емді қолданумен қатар, ең жаңа тәсілдерді де қолданады.

Жаңа орталықта жоғарғы категориялы дәрігерлер мен медицина ғылымдарының кандидаттары жұмысқа қабылданатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны