08.09.2016, 20:21 3669

ОҚО-да жергілікті полиция қызметкерлеріне 78 автокөлік табысталды

Аталған іс-шара ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Шымкент. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Өӊір басшысы Бейбіт Атамқұлов ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметініӊ жеке құрамына жаӊа қызметтік автокөліктердіӊ кілтін табыстады. Аталған іс-шара ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Облыс әкімі жол патрульдік полиция қызметкерлеріне "КИА-РИО" маркалы 73 теміртұлпар мен учаскелік полиция инспекторларына "ВАЗ-2121010" маркалы 5 арнайы автокөлігін беріп, қызметтеріне табыс тіледі.

"Құрылғанына 1 жылға жуық уақы тта жергілікті полиция қызметіне қоғамныӊ көзқарасы оӊ болып, сенімі артып отыр. Сіздер қиын сәттерде қарапайым халықтыӊ арқа сүйер сүйеніші әрі әділеттіліктіӊ жаршысы болуға тиіссіздер. Алдағы уақытта да сіздер облыс тұрғындарыныӊ құқықтарын қорғап, еліміздіӊ әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға барлық күш-жiгерін жұмсайды деген сенiмдемiн", - деді Б.Атамқұлов.

Шара барысында ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінен құралған қызметкерлер 10 баған түзеп, салтанатты шерумен жүріп өтті. Кездесу қонақтары мен қатысушыларына жаӊадан алынған қызметтік автокөліктер көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны