12.07.2016, 16:17 4210

ОҚО-ға жұмыс сапарымен В.Божко келді

Жұмыс сапары кезінде В.Божко облыстық этномәдени бірлестіктердіӊ төрағаларымен және славян этномәдени бірлестігініӊ белсенділерімен кездесті. Жиында этносаралық бірлік пен келісімді нығайту, облыстық славян этномәдени бірлестігініӊ жұмысын жетілдіру мәселелері қаралды.

Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасыныӊ орынбасары, Қазақстанныӊ орыс, славян және казак ұйымдары ассоциясы төрағасыныӊ орынбасары Владимир Божко Оӊтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жұмыс сапары кезінде В.Божко облыстық этномәдени бірлестіктердіӊ төрағаларымен және славян этномәдени бірлестігініӊ белсенділерімен кездесті. Жиында этносаралық бірлік пен келісімді нығайту, облыстық славян этномәдени бірлестігініӊ жұмысын жетілдіру мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, Төраға орынбасары облыстық орыс және өзбек драма театрларында болып, өнер ордасыныӊ ұжымымен жүздесті.

Сапары барысында В.Божко Сайрам мен Түлкібас аудандарында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Онда ол бірқатар шаруа қожалықтарды аралап көріп, жұмысшылармен сұхбаттасты.

Елбасыныӊ Жолдауы мен "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ орындалуы және "Мәӊгілік Ел" жалпыұлттық идеясыныӊ маӊызын түсіндіру, тұрғындардыӊ ұсыныс-пікірлерін тыӊдау мақсатында Оӊтүстікке екі күндік жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасыныӊ орынбасары ертеӊгі күні облыстық төтенше жағдайлар департаментініӊ ғимаратында сала қызметкерлерімен жиын өткізуді жоспарлап отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны