19.05.2009, 11:46 1079

Оқушылар мен мемлекеттік қызметке тұрудан үміткерлердің есірткіге тәуелділігін жаппай тексеру жүргізілмейді

Оқушылар мен мемлекеттік қызметке тұрудан үміткерлердің есірткіге тәуелділігін жаппай тексеру жүргізілмейді

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оқушылар мен мемлекеттік қызметке тұрудан үміткерлердің есірткіге тәуелділігін жаппай тексеру жүргізілмейді. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Оқушылар мен мемлекеттік қызметке тұрудан үміткерлердің есірткіге тәуелділігін тестілеу жүргізілмейді", - деді С. Баймағанбетов.

Осы орайда ол "Ішкі істер министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп бұл мәселені мұқият зерттей келе тестілеу аясына тек тәуекел тобындағылар, атап айтсақ, оқу орындарындағы есірткі постылары мен полицияда тіркеуде тұрғандар ғана қамтылады деген шешімге келді", деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны