31.08.2026, 11:25 17584 / 3297

Олжас Бектенов Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды

Олжас Бектенов Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды
Сурет: Үкімет
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновті Қазақстан Республикасының Премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.


Олжас Бектенов 1980 жылғы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын "заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласының Әділет басқармасында бастаған.

Әр жылдары Премьер-министр кеңсесінде және Президент Әкімшілігінде, Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып, қаржы полициясында еңбек етті. 2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы және Президент Әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі болған.

2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаментін басқарса, 2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек еткен. Кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте басшылық лауазымдарында қызмет атқарса, 2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы сәуірге дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқарған.

2023 жылдың 3 сәуірінде Бектенов Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалып, 2024 жылдың 6 ақпанында алғаш рет Қазақстан Үкіметін басқарды болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны