13.12.2013, 21:49 5464

Олжас Сүлейменов Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығына ие болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды.

Алматы. 13 желтоқсан. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі.

Атап өтілгендей, ядролық қаруға қарсы қозғалысты дамытуға және халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Олжас Омарұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының 2013 жылғы Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны