15.01.2008, 10:51 1792

Омбыда Қазақстанға реактивті қозғалтқыштарға арналған жанармай контрабандасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Омбыда Қазақстанға реактивті қозғалтқыштарға арналған жанармай контрабандасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Павлодар. 15-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Омбыда Ресей-Қазақстан шекарасы арқылы 21 млн АҚШ долларынан астам сомаға реактивті қозғалтқыштарға арналған жанармайдың заңсыз тасымалы дерегі бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Омбы кеденінің баспасөз қызметі.

Талқылаулардың басты себебі 21 млн АҚШ долларынан аса қаржыға 42 мың тонна жанармайдың Ресей мен Қазақстанның шекарасынан өтуі болған, деп атап көрсетті кеденнің бұқарамен байланыс маманы Елена Петрова. ТС-1 маркасындағы реактивті қозғалтқыштарға арналған отын Қазақстан Республикасында тіркелген фирмаға "Газпром нефть" ААҚ-ның мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі келісім-шарты аясында 2006 жылдың шілдесінен 2006 жылдың желтоқсанына дейін тасымалданып отырған. Омбы кеденінде бұл тауарды "Экспорт" кеден режимінде декларация жасатып отырған, деп хабарлады Е. Петрова.

Аталмыш тауар партияларын Ресей Федерациясының кедендік органынан

декларациядан өткізу кезінде экспорттаушы кеденге Ресейдің Федералдық мұнай экспортын техникалық және экспорттық қадағалау қызметінің лицензия толтырмастан өткізетін арнайы рұқсатын ұсынған.

Алайда, тергеу барысында бұл рұқсат заңдық күші жоқ жарамсыз құжаттар негізінде алынғаны мәлім болды, - деді кеден қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны