27.12.2011, 09:53 3169

Өмірзақ Шөкеев ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметінен босатылып, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ төрағасы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Астана. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today - Өмірзақ Шөкеев ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметінен босатылып, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, ҚҚ премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы етіп Өмірзақ Шөкеевті тағайындаған. Бұл туралы ол Twitter-дегі жеке блогында хабарлады.

"Самұрық-Қазына". Т.А. Құлыбаевты қызметінен босаттым. Ө.Е. Шөкеевті тағайындадым", - делінген К.Мәсімов хабарламасында.

Twitter-дегі қордың ресми блогында "Премьер-министр Кәрім Мәсімов "Самұрық-Қазына" қорының жаңа басшысы Өмірзақ Шөкеевті таныстырды" делінген.

Сонымен қатар ҚР Үкіметі басшысының шағын блогында Ө.Шөкеев Жаңаөзен бойынша комиссияны басқару міндетін жалғастыратындығы жөнінде хабарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны