19.04.2024, 18:23 91256

Қонаев қаласының әкімі тағайындалды

Қонаев қаласының әкімі тағайындалды
Сурет: gov.kz
Алматы облысы әкімінің өкімімен Бердіханов Асхат Ермекұлы Қонаев қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Асхат Бердіханов 1975 жылы туған, білімі-жоғары. 1995 жылы Павлодар каласының машина жасау колледжін "Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жабдығы" мамандығы бойынша, 2005 жылы С.М. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Заңгер" мамандығы бойынша, 2015 жылы Еуразиялық технологиялық университетін "Электроэнергетика" мамандығы бойынша, 2017 жылы С.М. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Энергетика және электротехника" мамандығы бойынша, 2022 жылы А.Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университетін "Құрылыс" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы Павлодар трактор зауытында электромонтер болып бастаған.

Әр жылдары құқық қорғау органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Балқаш жылу электр станциясы Басқарма төрағасының орынбасары, "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамының бас менеджері, "Алатау Жарық компаниясы" АҚ бас инженері, "Samruk-Kazyna Construction" басқармасының бастығы, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Ұ.Қантаев атындағы Мойнақ гидроэлектростанциясының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары - бас инженері қызметтерін атқарды.

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны