02.06.2008, 15:22 3041

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қадағалауды күшейту керек - ҚР ТЖМ

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қадағалауды күшейту керек - ҚР ТЖМ

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қадағалауды күшейту керек. Бұл туралы бүгін парламентте өткен "үкіметтік сағатта" ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бір күрделі проблема негізгі өндірістік қордың аса тозуы себеп. Бұл жайт бізден өнеркәсіптік қауіпсіздікті қадағалауды күшейте түсуді талап етеді", - деп мәлімдеді В. Божко.

Оның мәліметінше, "тек қана тау-кен шикізатын өндіру, химия өнеркәсібі салалары бойынша ғана құрал-жабдықтардың тозуы 39% құрайды". Осы орайда "бірқатар кәсіпорындарда жаңалау шаралары өте баяу жүргізілуде, ал, мысалы, Қарағандыдағы көмір шахталарында еңбек өнімділігі үш есе өскен".

"Мұнай және газ құбырларының шамамен 80% 20-30 жыл бойы жөндеусіз жұмыс істеп келеді. Су астында қалған мұнай құбырларын жою жұмыстары өте баяу жүргізілуде, ал ондайлар біздің батыс өңірлерімізде 150-ге жетеді", -деді министр.

Сонымен бірге, ТЖМ мәліметінше, "республика бойынша 7346 қазандықтың 1200 -і тозған, бұл азаматтарға жылу беруді қыс ішінде доғаруға жиі алып келеді". Сондай-ақ, елімізде "қысым астында жұмыс істейтін 23983 сосуд бар, олардың 2523-і нормативтік мерзімін өтеген".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны