28.02.2013, 11:13 5981

"Өнімділік-2020" бағдарламасының әлеуетті қатысушыларымен 100 меморандумға қол қойылды

"Өңірлерді аралау барысында ҚИДИ әлеуетті қатысушылармен 100 меморандумға қол қойылды. Қазір инвестициялық жобалардың кешендік жоспарларын қалыптастыру мәселелері қарастырылып жатыр", - деп хабарланған институт мәлімдемесінде.

Астана. 28-ақпан. Kazakhstan Today - "Өнімділік-2020" бағдарламасының әлеуетті қатысушыларымен 100 меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Казақстандық индустрияны дамыту институты (ҚИДИ)" АҚ-ның баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Өңірлерді аралау барысында ҚИДИ әлеуетті қатысушылармен 100 меморандумға қол қойылды. Қазір инвестициялық жобалардың кешендік жоспарларын қалыптастыру мәселелері қарастырылып жатыр", - деп хабарланған институт мәлімдемесінде.

Бүгінгі таңда меморандумға қол қойған 100 кәсіпорыннан 25-і бағдарлама қатысушысы болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық өірлерінде үй салу комбинаттарын ұйымдастыруды жоспарлаған кәсіпорындарды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Осылайша, "Оңтүстік құрылыс сервис" ЖШС, "Шар құрылыс" ЖШС, "ККК Бетон" ЖШС және "Болашақ-Т" ЖШС осы бағыттағы бағдарлама қатысушылары болды.

"Өнімділік-2020" бағдарламасын іске асырудың 2 жылында-ақ бағдарламаға Қазақстанның 15 өңірінен және өнеркәсіптің 8 саласынан 51 инвестициялық жоба кірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны