28.04.2017, 21:07 6500

Өӊірлерде әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімдері өтуде

Қазақстан армиясыныӊ 25 жылдығын мерекелеу шеӊберінде барлық жергілікті әскери басқару органдарында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарыныӊ қатарына шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салуда.

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан армиясыныӊ 25 жылдығын мерекелеу шеӊберінде барлық жергілікті әскери басқару органдарында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарыныӊ қатарына шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салуда.

Алғаш рет шақырылушылардыӊ Павлодар облысынан жаӊа қызмет орнына ұшуы С-295 әскери-көлік ұшағында жүзеге асырылды. С-295 әскери-көлік ұшағы 6 мыӊ шақырымға дейін алыс қашықтыққа жерге қонбай ұша алады. Солтүстік-шығыстан бағыт алып, бүкіл елді ұшып өтіп, С-295 экипажыныӊ командирі майор Равиль Құрбанғалиев шақырылушыларды Ақтөбе қаласына жеткізіп салды. Онда оларды 30238 әскери бөлімініӊ қолбасшылығы салтанатты жағдайда күтіп алды.

Мен үшін қазақстандық армияныӊ 25 жылдығы қарсаӊында мерзімді әскери қызметке шақырылу жоғары мәртебе. Мен еліміздіӊ стратегиялық маӊызды шептерін қорғау үшін шалғайда орналасқан батыс өӊіріне кетіп барамын, - деді шақырылушы Қанат Баяхмет.

Шақырылушыларды шығарып салуға арналған салтанатты шаралар республикамыздыӊ барлық өӊірлерінде өткізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны