01.09.2009, 14:47 3069

Өңірлерде жұмыссыздықты азайту және инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған бағдарлама орындалуда - Назарбаев

Өңірлерде жұмыссыздықты азайту және инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған бағдарлама орындалуда - Назарбаев

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Өңірлерде жұмыссыздықты азайту және инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған бағдарлама орындалуда. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның IV шақырылған парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жуырда мен бірқатар өңірлерде болдым, ол жерлерде "жол картасының" жүзеге асырылу барысымен таныстым. Депутаттардың да ел аралағанын білемін. Мен бағдарламаның орындалып жатқанына көзімді жеткіздім. Алға қойған мақсат - әр ауылға, әрбір отбасына жету жөніндегі мақсат орындалып жатыр", - деді Н. Назарбаев.

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту, жолдарды, мектептер мен ауруханаларды, балабақшаларды жөндеуге бағытталған қыруар жұмыстар тындырылып жатыр. Тіпті экономикалық өсім жылдардында да мұндай болған емес", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны