05.03.2015, 11:56 3651

Өӊірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2014 жылы 7,3 мыӊ жұмыссыз мүгедек жұмыспен қамтылды

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Илеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаӊғырту туралы" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді

Астана. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Илеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаӊғырту туралы" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Вице-министр 2015 жылғы 20 ақпанда Елбасы "Мүгедектердіӊ құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы" ҚР Заӊына қол қойғанын еске салды. Ол құжат азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және өзге де құқықтарын іске асыруда мүгедектерге өзге азаматтармен теӊдей жағдай жасауға бағытталған. Айта кету керек, Конвенция мүгедектерді әлеуметтік қорғаудыӊ қазіргі жүйесінде жалпылай алғанда көрініс тапқан.

Мүгедектерді жұмыспен қамтуға ерекше маӊыз беріледі. Өӊірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2014 жылы хабарласқан 14 мыӊ мүгедек жанныӊ ішінде 7,3 мыӊы (52,1%) жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға 3,7 мыӊ мүгедек қатысты. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі 761 адам әлеуметтік жұмыстарға орналастырылды.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар жалпы жұмыс орындарыныӊ 3% мөлшерінде квота белгілеу арқылы мүгедектерді жұмыспен қамтиды. 2014 жылы квота аясында 6 мыӊ мүгедек жан немесе жалпы жұмыспен қамтылғандардыӊ (12,9 мыӊ адам) 46,5% жұмысқа орналастырылды.

Илеуметтік және көлік инфрақұрылымыныӊ қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде. Барлық өӊірлер нысандарды хаттау және бейімдеу жоспарын бекітті. 24,4 мыӊ нысан құжатталып, бейімделуге тиіс 18,9 мыӊ нысанныӊ 2371-і бейімделді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны