08.04.2014, 20:11 3224

Өңірлік даму министрі Қазақстандағы Жапонияның Елшісімен кездесті

Астанада ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Қазақстандағы Жапонияның Төтенше және Уәкілетті елшісі Масаёси Камохара мырзамен кездесті.

Алматы. 8 сәуір. Kazakhstan today. Астанада ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Қазақстандағы Жапонияның Төтенше және Уәкілетті елшісі Масаёси Камохара мырзамен кездесті.

Кездесу барысында болашағынан көп үміт күттіретін одан ары ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп ҚР Өңірлік даму министрлігінен хабарлады.

ҚР-дағы Жапония Елшісінің келуінің мақсаты аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, негізгі өндірістік салалармен, Қазақстандағы инвестициалық климатпен танысу.

Айта кетерлік жайт, Масаёси Камохараның Жапонияның Австриядағы (1989), Ресейдегі (1997), Венадағы (1999) және Грузиядағы (2009) өкілділіктерінде жұмыс істеуіне байланысты тәжірибесі мол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны