27.12.2012, 10:58 5257

Ономастика мәселелері жөніндегі заңдарға өзегірстер енгізу туралы заң жобасы қабылданды

Сенат бүгінгі пленарлы отырысында "Ономастика мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылдады, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің т ілшісі хабарлады.

Астана. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ономастика мәселелері жөніндегі заңдарға өзегірстер енгізу туралы заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сенат бүгінгі пленарлы отырысында "Ономастика мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылдады, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің т ілшісі хабарлады.

Құжат мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай бұған дейін мәжілісте құжатты таныстыру кезінде заң жобасын қабылдаудың өзектілігі ономастикалық комиссия жұмысын реттеу және оңтайлы жағдайлар құру қажеттігінен туындағанын мәлімдеді.

Заң жобасы әкімшілік-аумақтық бірліктер және өзге физикалық-географиялық нысандардың атауларын нақтылау және қайта атау, олардың атауларының транскрипциясы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді.

"Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдің әйгілі қайраткерлерінің есімдерімен атау лайықты орын алды, көптеген физикалық-географиялық нысандардың, елді мекендердің тарихи атаулары қалпына келтірілді. Бірақ соңғы жылдары түрлі әлеуметтік нысандарға белгісіз тұлғалардың аты беріле бастады. Мұндай бассыздықтар ұлттық заңдағы олқылықтар салдарынан болуда", - дейді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны