27.10.2016, 10:45 2970

Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімі өӊірдегі мемлекеттік этносаясаттыӊ жүргізілу барысымен танысты

Жиын барысында Төраға орынбасары биылдан бастап Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен ҚХА енгізілген жаӊа функционалдық бағыттар бойынша яғни, қайырымдылықты үйлестіру, қоғамдық келісім кеӊестері мен аналар кеӊестерініӊ қызметі және медиация желісін дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстарды баяндады.

Шымкент. 27 қазан. Kazakhstan Today - Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ Оӊтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары басшыларымен және облыстық этномәдени бірлестіктерініӊ төрағаларымен кездесу жиыны өтті, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Өӊірдегі мемлекеттік этносаясаттыӊ жүргізілу барысымен танысып, қатысушылардыӊ ұсыныс, пікірлерін тыӊдаған аймақ басшысы алдағы кезеӊдерде облыстыӊ өсіп-өркендеуі жолындағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыру жайын айтты.

"Ирбір этнос біздіӊ байлығымыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы қазынаныӊ қорғаны. Аталған ұйымныӊ жұмысын шетелдерден келіп үйреніп, тәжірибе алмасып, өз пайдаларына жаратып жатқан мемлекеттер бар. Қиын қыстау кезеӊде қазақ халқы жер аударып келген түрлі этностарды бауырына басты. Бүгінде біз бір ел - бір халық болып, бір мақсатта жұмыс атқарып келеміз",-деді Ж.Түймебаев.

Жиын барысында Төраға орынбасары биылдан бастап Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен ҚХА енгізілген жаӊа функционалдық бағыттар бойынша яғни, қайырымдылықты үйлестіру, қоғамдық келісім кеӊестері мен аналар кеӊестерініӊ қызметі және медиация желісін дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстарды баяндады.

"Ассамблея филиалдарын аудандардан ашу алғаш оӊтүстікте қолға алынды. Бүгінде бұл жұмыстыӊ тиімділігін ескерген ҚР Президенті Икімшілігі ҚХА Хатшылығы оӊтүстікқазақстандық тәжірибені республиканыӊ басқа өӊірлерне енгізе бастады", - деді М.Қалмұратов.

Сонымен қатар, кездесуде бірқатар этномәдени бірлестіктердіӊ төрағалары қазақстандық біртектілікті қалыптастыру сынды асыл міндетті іске асыруда жеткен жетістіктері мен оны әрі қарай дамыту бойынша атқарылатын жұмыстарды мәлімдеді.

Бүгінде ұлысымыздыӊ ұйытқысы атанған оӊтүстік өӊірінде 100-ден астам түрлі этнос өкілдері өмір сүреді. Ал облыста 20 этномәдени бірлестігі жұмыс жасайды. Олардыӊ аудандар мен қалаларда 51 филиалы мен 17 жастар қанаты, 11 жексенбілік мектептері бар. Өӊірде жыл сайын әр этномәдени бірлестік өзініӊ тілі, мәдениеті және дәстүрі күндерін атап өтуде. Сонымен қатар, белсенді этнос өкілдері жыл сайын облыс әкімініӊ "Бауырмал" сыйлығымен марапатталуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны