08.11.2016, 18:30 3504

Оӊтүстік Қазақстан облысы кадрлардыӊ біліктілігін арттыруда ресейлік ғалымдармен бірлесе жұмыс істеуге ниет білдірді

Қазақстан дамыған 30 елдіӊ қатарына ену үшін түрлі салаларда білікті кадрлардыӊ болуы керектігіне тоқталған облыс әкімі, аталған оқу орныныӊ жоғары білікті жетекшілерініӊ ұсынысын қолдайтынын жеткізді.

Шымкент. 8 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Ресей Федерациясы Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей Академиясыныӊ корпоративтік басқару жоғарғы мектебініӊ (одан әрі -РФ Президенті жанындағы ХШ және МҚРА КБЖМ) академигі Абел Аганбегян мен Ресейдіӊ еӊбек сіӊірген экономисі, экономика ғылымдарыныӊ докторы және аталған оқу орныныӊ деканы С.О. Календжянмен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Мәртебелі меймандар кездесуде РФ Президенті жанындағы ХШ және МҚРА КБЖМ-і Оӊтүстік Қазақстан облысымен байланыс орнатуға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ, өӊірдегі кадрлардыӊ біліктілігін арттыруда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Қазақстан дамыған 30 елдіӊ қатарына ену үшін түрлі салаларда білікті кадрлардыӊ болуы керектігіне тоқталған облыс әкімі, аталған оқу орныныӊ жоғары білікті жетекшілерініӊ ұсынысын қолдайтынын жеткізді.

Ресей Федерациясы Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей Академиясыныӊ корпоративтік басқару жоғарғы мектебі Ресей мен ТМД елдері арасында басқарушы кадрларды оқытудыӊ корпоративті бағдарламаларын жүзеге асыруда 20 жылдан астам уақыттан бері бизнес-оқытуда көшбасшы болып табылады.

ХШ және МҚРА КБЖМ Қазақстан Республикасындағы әріптесі болып табылатын "Дипломат" консультациялық тренинг орталығы" ЖШС-мен бірлесіп оқыту бағдарламаларыныӊ түрлі курстарын жүргізді. Атап айтқанда, олар - жетекшілер үшін басқарудыӊ іскерлік шеберлігі (Executive MBA), іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA), корпоративтік курстар мен тренингтер.

Белгілі ғалым, академик Абел Аганбегян Ресейдегі бірқатар өӊірлердіӊ экономикалық даму тұжырымдамасы авторларыныӊ бірі. Сондай-ақ, ол өнеркәсіп өндірісі саласын ұйымдастыру мен еӊбек өнімділігі, жалақы, макроэкономика, эконометрика және менеджмент салаларыныӊ жетекші маманы болып табылады.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаев 2014 жылғы 17 қаӊтардағы "Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында: "Жетінші. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру. Илемніӊ дамыған 30 елініӊ қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заӊныӊ үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет. Мемлекеттіӊ үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс-қимылыныӊ жаӊартылған тәсілдері керек. Заӊ алдындағы теӊдік құқық тәртібініӊ шынайы негізі болуға тиіс.

Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысыныӊ сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деӊгейімен ерекшеленуге тиіс.

Аса маӊызды міндет - сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаӊа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру.Икімшілік реформа қажетсіз қағазбастылық пен құжат айналымыныӊ қолайсыз үдерісіне айналмауға тиіс. Халық алдында есептілігін арттырып, нәтижеге деген жауапкершілігін күшейте отырып, жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру керек. Үкіметке Президент Икімшілігімен бірлесіп, биылғы 1 шілдеге дейін осы айтылған барлық мәселелер жөнінде кешенді ұсыныстар енгізуді тапсырамын.

Мемлекеттік кәсіпорындардыӊ, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердіӊ кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуді жалғастыру қажет",-деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны