18.05.2010, 15:19 3102

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері 250 түп көкнәрді тәркілеп алды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері 250 түп көкнәрді тәркілеп алды

Шымкент. 18 мамыр. Kazakhstan Today - ОҚО Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері 250 түп көкнәрді тәркілеп алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тәртіп сақшыларының жедел іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 52 жастағы тұрғынын ұстады. "Оның үйінің ауласына жалпы ауданы 8 шаршы метр жерге құрамында өсіруе тыйым салынған "көкнәр" өсімдігін заңсыз өсіріп отырғаны анықталды. Сараптама нәтижесінде өсімдік есірткі заты бар 250 түп көкнәр тәркіленіп алынды.

Қазіргі таңда күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 262-бабы "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз бөлу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау абақтысында. Тергеу амалдары жүргізілуде",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны