22.08.2016, 17:48 3546

Оӊтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі өӊірдіӊ тарихи-мәдени нысандарыныӊ жағдайымен танысты

Қазір ОҚО-да Түркістандағы тарихи-мәдени орталықпен бірге туризмді дамыту бойынша жаӊа жоба белсенді жүзеге асырылып жатыр.

Астана.22 тамыз. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі өӊірдіӊ тарихи-мәдени нысандарыныӊ жағдайымен танысты, деп хабарлады Премьер-Министрдіӊ ресми сайты.

Түркістан Қазақстанныӊ мәдени астанасы болып саналады. Өткен жылы бұл өӊірге бір миллионнан астам турист келді. Қазір ОҚО-да Түркістандағы тарихи-мәдени орталықпен бірге туризмді дамыту бойынша жаӊа жоба белсенді жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсаттарда ҚР Президентініӊ тапсырмаларына сәйкес "Мәдени мұра" "Көне Түркістан" тұжырымдамасын әзірлеп, қабылдады. Осы тұжырымдама аясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесініӊ аумағында реставрациялау-консервациялау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Кесененіӊ қорғалатын аймағында орналасқан үйлер туристік сервис және қызмет көрсетуге пайдаланылады. Тұржырымдама үш кезеӊге есептелген.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Түркістан қаласындағы "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы аумағында орналасқан.

Кешен директоры Жандос Иубәкір нысан ЮНЕСКО-ныӊ Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енетінін және Қазақстан тарихында сәулеттіӊ көрнекті ескерткіші, Түркістанныӊ негізгі мәдени орындарыныӊ бірі саналатынын атап өтті.

Арыстан баб кесенесі аумағында орналасқан Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайында жалпы саны 23 мыӊ жәдігер бар, оныӊ ішінде ғылыми кітапхана бар.

Кешен директоры Айбек Жандосовтыӊ айтуынша, мұражай қазба жұмыстары кезінде табылған ертеде өӊірдіӊ экономикалық және сауда орталығына айналған - Отырар қаласыныӊ тарихи ескерткіштерініӊ негізгі ғылыми-зерттеу орталығына және археологиялық қазына қоймасына айналды.

Бірегей кешенніӊ құрамына республикалық маӊызы бар 4 археологиялық ескерткіш және жергілікті маӊызы бар 216 ескерткіш кіреді, оныӊ қатарында Отырар оазисініӊ ежелгі қалалары бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны