28.05.2007, 15:36 3018

Оңтүстік Қазақстан облысынан 60 өзбек гастарбайтері шығарылды

ШЫМКЕНТ. 28 - мамыр. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысынан заңсыз еңбек еткен 60 өзбек гастарбайтері шығарылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Сайрам АІІБ қызметкерлері "Нелегал" атты іс-шарасының барысында біздің республикамыздың аумағында заңсыз жүрген 60 өзбек азаматын анықтаған.

Сайрам аудандық ішкі істер басқармасының көші-қон полициясы қызметкерлерінің хабарлауынша, Өзбекстан азаматтары бір ай бойы кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеп, құрылыс салған, олар ішкі істер органдарының тізіміне тұрмаған.

Қазіргі уақытта Икімшілік құқық бұзушылық кодексінің "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзу" құқық бұзушылығын қарастыратын 394-бабына сәйкес сот шешімімен олардың барлығы Қазақстан аумағынан шығарылды. Жұмыс берушіге әкімшілік шара қолданылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны