25.07.2016, 22:13 4180

Оӊтүстік Қазақстан облысынан Моӊғолияныӊ Баян-Өлгей аймағына гуманитарлық көмек жөнелтілді

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысынан төтенше жағдайдан зардап шеккен Моӊғолияныӊ Баян-Өлгей аймағындағы қандастарымызға гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 25 шілде. Kazakhstan Today. Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысынан төтенше жағдайдан зардап шеккен Моӊғолияныӊ Баян-Өлгей аймағындағы қандастарымызға гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Осыдан он күн бұрын Моӊғолияныӊ Баян-Өлгей аймағында орын алған жағдайға байланысты облыстыӊ белсенді жастары өӊір тұрғындарына үндеу жариялаған болатын.

Үндеуге үн қатқан алғашқылардыӊ бірі облыс әкімі Б.Атамқұлов өз тарапынан қолдау көрсетсе, ал облыс әкімдігініӊ қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударды.

Сонымен қатар, әкімдік көлік мәселесін шешуге, кедендік құжаттарды рәсімдеуге және басқа да ұйымдастырушылық жұмыстарға қолдау көрсетті.

Шекараныӊ арғы жағындағы қандастарымызға облыс кәсіпкерлерініӊ демеушілігімен 7 тоннаға жуық ұн, 1 тонна макарон, 1000 банкі маринадталған қияр, 5000 дана шұлық және тағы басқа да азық-түлік тауарлары жолданды.

Бұдан бөлек, облыс тұрғындарынан жиналған 3 млн. теӊгеге зардап шеккен 5 отбасыға тұрғын-үй салу үшін құрылыс материалдары сатып алынатын болады.

Гуманитарлық көмекті Баян-Өлгей аймағына "Бізбен бірге" қоғамдық қорыныӊ төрағасы А.Аӊдабаев өзі табыстап қайтатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны