27.04.2009, 16:38 3093

Оңтүстік Қазақстан облысында 1800 жуық адам полицияға тұрақты көмек көрсетуде

Оңтүстік Қазақстан облысында 1800 жуық адам полицияға тұрақты көмек көрсетуде

Шымкент. 27 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында 1800 жуық адам полицияға тұрақты көмек көрсетуде, оның жүз шақтысы - суденттік отряд мүшелері, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, студенттік отрядтар Шымкент, Түркістан және Кентауда полицияға көмек көрсетуде. Үш қалада жүзге жуық адам бар. Заңгерлік бөлімдердің студенттері ақысыз негізде жұмыс істеуде. Олар үшін бұл қызмет - тәжірибеден өтуге жақсы мүмкіндік болса, полиция үшін тәртіп орнатуға септігін тигізуде.

Ал қалған азаматтар ақылы негізде полицияға көмек көрсетуде.

Қазір әкімдіктердің жанындағы жұмыспен қамту орталықтары арқылы ақы төлеу мәселесі шешілу үстінде. Көмекшілерге 12-15 мың теңге көлемінде ақы төленеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны