17.09.2009, 17:06 2715

Оңтүстік Қазақстан облысында 302,3 млн теңгенің салығынан жалтару дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облысында 302,3 млн теңгенің салығынан жалтару дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астана. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында 302,3 млн теңгенің салығынан жалтару дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ОҚО бойынша департаменті аз.Қ. қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 1-тармағы бойынша (Жалған кәсіпкерлік) қылмыстық іс қозғады. Ол кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз "ВЕСТ-555" жалған ЖШС-ін өзінің атына тіркеп, мемлекетке салық төлемдерін төлемеу арқылы 302,3 млн теңгеге залал келтірген",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны