27.01.2010, 16:54 3470

Оңтүстік Қазақстан облысында 6 адамнан құралған қылмыстық топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысында 6 адамнан құралған қылмыстық топ қолға түсті

Астана. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында 6 адамнан құралған қылмыстық топ қолға түсті. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қ.Жұмановтың айтуынша, "Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент қаласының 20 жастағы тұрғынының басқаруындағы 6 адамнан құралған қылмыстық топты ұстады".

"Олар 14 қаңтарда тапаншамен қорқытып, қарақшылық шабуыл жасау арқылы 4 жылқы мен 63 қойды иемденіп кеткен. Ұрлаған мал тәркіленді. Қылмыстық топтың басшысын ұстау кезінде одан қолдан жасалған жауынгерлік тапанша табылып, тәркіленді",-дейді ресми өкіл.

Сондай-ақ, ІІМ мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 9 адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды, оның қатысушылары ұйымдардың кеңселері мен азаматтардың үйлеріне бірқатар қарақшылық шабуыл жасады деген күдік бар. Ұсталғандардан жауынгерлік патрондардан ату үшін қайта жасалған "ИЖ" газды тапаншасы, екі шолақ аңшы мылтығы, бетперделер алынды. Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатысы бары тексерілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны