20.10.2009, 16:02 2950

Оңтүстік Қазақстан облысында 7 млн теңгенің ақшасы мен алтын бұйымдарын тонаған қарақшылық шабуыл қылмысы әшкереленді

Оңтүстік Қазақстан облысында 7 млн теңгенің ақшасы мен алтын бұйымдарын тонаған қарақшылық шабуыл қылмысы әшкереленді

Шымкент. 20 қазан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында 7 млн теңгенің ақшасы мен алтын бұйымдарын тонаған қарақшылық шабуыл қылмысы әшкереленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай 6 миллион теңге және 1 000 000 теңгенің алтын бұйымдары тонаған қарақшылық шабуылды ашты.

"19 қазан күні сағат 6-20 да Мақтарал ауданының ауруханасына дене жарақатымен 19-жасар әйел түседі. Аудандық ішкі істер басқармасының жедел-тергеу тобының тексеру барысында анықталғандай, таңғы сағат 4-50 де жергілікті жердегі үйлердің біріне беттеріне бетперде киіп, қолдарында пышақ және алатаяқ ұстаған бес белгісіз тұлғалар кіріп келіп, үй иесі 63 жастағы әйелді және оның 28 жастағы баласын, 19 жастағы келінін ұрып, 6 миллион теңгесін және 1 000 000 теңге тұратын алтын бұйымдарын алып кеткен",- деп хабарлайды ІІД.

Аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушілері ҚР ҚК-нің 179-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық ауырлығын сезіне отырып, Ішкі істер департаментінің қарақшылық шабуылды ашумен айналысатын арнайы тобы келіп жетті.

"Осы күннің соңына қарай жедел із кесушілер Оңтүстік Қазақстан облысының 1988 жылы туған екі және 1984 жылы туған бір тұрғыны анықтап, ұстады. Олардың барлығы да жұмыссыздар. Полицейлер қылмыстың басқа да сыбайластарын іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Олардан айғақты зат ретінде: ұрланған ақшаның бір бөлігі, алтын бұйымдары, бетперделер, алатаяқтар және пышақтар алынды. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, тергеу амалдары жүргізілуде, олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны