27.04.2009, 15:51 2639

Оңтүстік Қазақстан облысында аудандық соттың судьясы пара алды деген күдікпен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында аудандық соттың судьясы пара алды деген күдікпен ұсталды

Шымкент. 27 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал аудандық сотының судьясы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы жылдың 20 сәуірінде ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәми ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағының "а" тармақшасы бойынша Мақтаарал аудандық №3 сотының судьясының үстінен пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы жылдың 30 наурызында Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД Мақтаарал аудандық бөлімшесіне Асық Ата ауылының тұрғыны шағымдана келген. Ол Мақтаарал аудандық №3 сотының судьясы қызмет бабын пайдаланып, құжат жасады және алаяқтық әрекеттерге барды деп айыпталған өз ұлына қатысты үкімді жеңілдетіп беру үшін 4 мың доллар көлемінде ақша бопсалап отырғанын хабарлаған.

"Сол күні судья әлгі адамнан 295 мың теңге алған. Ал 31 наурызда 1 мың доллар көлемінде кезекті пара алу оқиғасынан кейін судьяны жедел тергеу тобы №3 соттың ғимаратының жанында қолға түсірді. Ұстау барысында судья параға берілген ақшаны шалбарының қалтасынан жерге тастап үлгерген. Ол оқиға орнын тексеру барысында табылып, тіркелді. Қазір осы іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны