03.07.2008, 14:51 1109

Оңтүстік Қазақстан облысында ауылдық округ әкімі құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында ауылдық округ әкімі құрықталды

Шымкент. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы Бадам ауылдық округінің әкімі пара алды деген күдікпен құрықталды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова хабарлады.

"Қаржы полициясы департаментіне шағымдана келген жергілікті тұрғын әйел әкімнің өзінен үй салуға жер телімін бөлу үшін мың доллар талап еткенін хабарлады", - деді Ж. Мамытова.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қаржы полициясының қызметкерлері 49 жастағы әкімді 120 мың теңге көлемінде пара алып жатқан сәтте құрықтады. Икім ақшаны өзінің қызметтік көлігінде алып жатқан.

Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 3-тармағы (жауапты мемлекеттік қызметкердің пара алуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокурордың рұқсатымен ол тұтқындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінде түрлі деңгейдегі сегіз әкімнің үстінен он қылмыстық іс қозғалып, екі адам түрлі мерзімге сотталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны