09.06.2009, 16:57 2610

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы 1 013 орта мектептің ғимаратын күрделі жөндеу және 1,5 мың шақырым автокөлік жолдарын жөндеу жоспарланып отыр - әкім

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы 1 013 орта мектептің ғимаратын күрделі жөндеу және 1,5 мың шақырым автокөлік жолдарын жөндеу жоспарланып отыр - әкім

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовты қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А.Мырзахметов Елбасына жолдауда алға қойылған міндеттер мен дағдарысқа қарсы бағдарламаның облыста жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

"Жол картасы" бағдарламасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы 1 013 орта мектептің ғимаратын күрделі жөндеу және 1,5 мың шақырым автокөлік жолдарын жөндеу жоспарланып отыр.

Облыс әкімі мемлекет басшысын Шардара су қоймасындағы жұмыстың барысы туралы хабардар етті. "Биыл онда едәуір су көлемі жиналды - өткен жылғыдан 1,5 млрд текше метрге көп", - деп атап өтті Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Оңтүстік Қазақстан облысы басшысының айтуынша, аймақ егіс алқаптарын әртараптандыруға кірісті. Бұрынғы 36 мың гектар мақта алқабына суды аз қажет ететін және экспортқа бағытталған азық-түліктік дақылдар егілді. "Пайдаланылмай жатқан 189 мың гектар жердің 86 мыңы - суармалы жерлер. Жол картасына сәйкес биыл біз 46 мың гектар алқапты, ал одан кейінгі жылдары - қалған 42 мың гектар жерді айналымға енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді А.Мырзахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны