08.09.2009, 13:03 1404

Оңтүстік Қазақстан облысында бір килограмм героин сатпақ болған Леңгір тұрғыны ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында бір килограмм героин сатпақ болған Леңгір тұрғыны ұсталды

Шымкент. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінің қызметкерлері бір килограмм героин сатпақ болған Леңгір тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 3 қыркүйекте ОҚО ҰҚКД қызметкерлері бір килограмм героин сатпақ болған Леңгір тұрғынын ұстады. Бұл дерек бойынша ҰҚКД тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 259- бабының 3- тармағының "в" тармақшасы (есірткілік заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ОҚО ҰҚКД қызметкерлері Сарыағаш ауданындағы "Қазығұрт" кеден бекітінің жанында аталған бекеттің қызметкері, кеден қызметінің капитанын 50 мың теңге көлемінде пара алып жатқанда ұстады".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұсталған бұл ақшаны облыс тұрғынынан "Қазақстаннан Өзбекстанға тиісті рәсімдеусіз автокөлік бөлшектерін алып өту мәселесін оңтайлы шешіп беру үшін талап еткен".

Бұл дерек бойынша ҰҚКД тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 2-тармағы (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталғандар ҰҚКД тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны