09.06.2009, 13:54 1260

Оңтүстік Қазақстан облысында бюджеттен бөлінген субсидия қаржысын иемденіп алған адамға сот үкімі шығарылды

Оңтүстік Қазақстан облысында бюджеттен бөлінген субсидия қаржысын иемденіп алған адамға сот үкімі шығарылды

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында бюджеттен бөлінген субсидия қаржысын иемденіп алған адамға сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Бас прокуратураның хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы прокуратурасы 2007-2008 жылдары аудан бойынша бюджеттен бөлінген субсидиялық қаржының жаратылу заңдылығына тексеру жүргізіп, бірқатар заңсыздықтардың орын алып отырғандығын анықтады.

Шаруа қожалығы мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің төрағасының міндетін атқарушы азамат Б. Отырар ауданы әкімдігі жанынан құрылған ведомствоаралық комиссия мүшелерін алдап, алаяқтық жолмен бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде иемдену мақсатында, егілмеген мақта мен жүгері өнімдерін егілді деп жалған өтінішті комиссия мүшелеріне ұсыну арқылы облыстық бюджеттен 1 млн 029 мың 995 теңге ақшаны жеке басына иемденген.

Аталған дерек бойынша қаржы полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 177- бабының 3-тармағының "б" тармақшасымен қылмыстық іс қозғады.

"Отырар ауданының соты азаматты кінәлі деп тауып 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабын қолданып мүлкін тәркілеусіз, 3 жыл сынақ мерзімін белгілеп, айлық табысынан 15 пайыз мемлекеттік кіріске өндіре отырып, 1 жылға түзеу жұмысын тағайындауға үкім шығарды",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны