14.05.2009, 17:48 2822

Оңтүстік Қазақстан облысында болған оқ-дәрінің жарылуына кінәлі тұлғалар анықталды - Бас прокуратура

Оңтүстік Қазақстан облысында болған оқ-дәрінің жарылуына кінәлі тұлғалар анықталды - Бас прокуратура

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласындағы қоймада оқ-дәрінің жарылуына кінәлі тұлғалар анықталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, "Қазарсенал" қоймасындағы жарылыс дерегі бойынша тексерулер одан әрі жалғасуда. "Болған оқиғаға кінәлі нақты тұлғалар анықталды. Қазір оларға Қылмыстық кодекстің қандай бабын қолданы мәселесі шешілуде", - деді С. Нұрпейісов.

Бас прокуратурасының ресми өкілінің хабарлауынша, арнаулы комиссия оқ-дәрілердің сақталу және кәдеге жаратылу жағдайларын тексереді.

"Жуырда Бас прокурордың тапсырмасы бойынша, бұған дейін жұмыс істеп жатқан жедел тергеу тобымен біруақытта әскери прокуратура, ҰҚК және ТЖМ қызметкерлерінен осындай топ жасақталды. Қолданыстан шығарылған оқ-дәрілер мен арнаулы құралдарды сақтау, өңдеу және жою саласындағы заңнаманың талаптарының сақталуына тексеру жүргізу туралы бірлескен бұйрыққа таяуда қол қойылды", - деді ол.

"Тек "Қазарсенал" филиалдары ғана емес, оқ-дәрі сақтау және жоюға қатысы бар басқа да арнаулы кәсіпорындар мен әскери бөлімшелер тексеріледі. Тексерулер қазан айында аяқталады",- деді С.Нұрпейісов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Бас прокуратура Арыс қаласында оқ-дәрінің жарылу себептеріне қатысты тексеру нәтижелерін ағымдағы жылдың сәуір айының аяғында жария етеді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов 16 сәуірде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Мемлекеттік комиссия өз жұмысын аяқтады. Қазір Бас прокуратура тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Прокуратура өкілдері комиссия жұмысының қорытындысына байланысты материалдарды сараптап, қажетті құжаттарды дайындап жатыр. Өйткені біз бірқатар министрліктердің лауазым иелерінің кінәлілік дәрежесін анықтауға тиіспіз. Атап айтсақ, бұлар ҚР Төтенше жағдайлар, Индустрия және сауда, Қорғаныс министрліктері.

"Сонымен бірге, құқық қорғау органдарының басқа да қызметкерлерінің жауапкершілігіне қатысты мәселелер шешіледі. Өйткені, олар лауазымдық міндеттеріне байланысты ұлттық заңнаманың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс болған. Бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ дәл бүгінгі күні нақты шаралар мен әшкереленген заң бұзушылықтар туралы айту ертерек. Біз бұл материалдарды топтастырып, жүйелеп алқа мәжілісінде қарайтын боламыз. Кінәлі азаматтар міндетті түрде жауапқа тартылады. Жұмыстардың қорытындысы ағымдағы жылдың сәуір айының аяғында жария етіледі. Біз сол уақытта оқиғаның не себептен шыққандығын хабарлаймыз", - деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны