09.12.2008, 18:35 2871

Оңтүстік Қазақстан облысында бопсалаушылығы мен қару алып жүргені үшін облыстың екі тұрғыны ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында бопсалаушылығы мен қару алып жүргені үшін облыстың екі тұрғыны ұсталды

Шымкент. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте бопсалаушылығы мен қару алып жүргені үшін облыстың екі тұрғыны ұсталды, олардың бірі - Ішкі істер министрлігінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ретінде есепте тұрған адам. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Салтанат Қаракөзова мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"ОҚО ІІД-не көмек сұрай келген жергілікті тұрғын өзінің автокөлігін бопсалаушылық арқылы тартып алғанын жеткізді. Жедел шаралардың барысында ОҚО ІІД қызметкерлері ОҚО ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, облыстың екі тұрғынын ұстады. Көлік иесіне қайтарылды. Ұсталғандардан 16-шы калибрлі шолақ мылтық пен оның оқтары табылған. Қазір аталған екі азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді С. Қаракөзова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны