28.06.2007, 16:06 2944

Оңтүстік Қазақстан облысында БҰТ тапсырмаларының кілтін тарату деректері анықталды; қылмыстық іс қозғалды

ШЫМКЕНТ. 28 -маусым. Kazakhstan Today. ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаметнінің тергеу басқармасы БҰТ тапсырмаларының кілтін таратуға қатысты екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД тергеушісі Мұхтар Халдыкелдиев хабарлады.

Тергеушінің айтуынша, бір дерек Шымкентте, екіншісі - Сарыағашта тіркелген. Бірінші жағдайда ҰҚКД қызметкері бір жігіттен 10 мың АҚШ долларына бес мыңдай кодты "сатып алса", екіншісінде сатушы тек сатып алушыны іздеп жүрген.

Қазір арнаулы қызмет өкілдері дұрыс жауаптардың таратылу көзін анықтау үстінде. "Біздің күдіктеніп отырған белгілі бір адамдарымыз бар, қазір біз шұғыл-тергеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", -деді тергеуші. Кілт сатушылар әзірге іс бойынша куәгер ретінде тартылған.

Оның айтуынша, дұрыс жауаптардың кілтін 34 талапкер пайдаланған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында ҰБТ бойынша орташа балл өткен жылғы көрсеткіштен біршама артқан; Отырар ауданында түлектердің үштен екі бөлігі 100-ден жоғары балл жинады.

Облыстық білім беру департаментінің мәліметіне сәйкес, облыс бойынша биыл бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижесіндегі орташа балл 76,09, ал 2006 жылы - 64 балл, 2005-жылы - 61 балл болған.

Бұрын жақсы үлгерімімен көзге түспеген аудандарда ең жоғары көрсеткіштер тіркелді. Мәселен, Отырар ауданында БҰТ-ге қатысқан 772 түлектен 500-ден астамы 100-ден жоғары балл жинады. Облыс бойынша орташа балл 98,71 болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны