10.10.2008, 19:09 3146

Оңтүстік Қазақстан облысында есірткі тасушыдан бір килограмнан аса героин тәркіленді

Оңтүстік Қазақстан облысында есірткі тасушыдан бір килограмнан аса героин тәркіленді

Шымкент. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында Өзбекстан азаматы болып табылатын есірткі тасушыдан бір килограмнан аса героин тәркіленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көкнәр-2008" іс-шарасы барысында Атакент ауылының орталық базарында Өзбекстанның 35 жастағы азаматынан 1 килограмм 105 грамм героин оралған бума табылып тәркіленді. Ол өзіне 500 доллар беріп, есірткіні Қазақстанға жеткізіп беруді сұрағанын айтты. Есірткі тасушының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны