29.04.2010, 16:51 3262

Оңтүстік Қазақстан облысында газ компаниясы филиалының кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында газ компаниясы филиалының кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты құрықталды

Шымкент. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында газ компаниясы филиалының кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлеріне үлкен бір компания филиалының кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топты құрықтауға екі ай уақыт қажет болды".

ІІД мәліметінше, 18 ақпан күнінің екінші жартысында 2 Мақтаарал АІІБ-нің кезекшілік бөліміне Атакент кентінде орналасқан газ компаниясы филиалының кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасағаны туралы ақпарат келіп жеткен.

"Оқиға орнына ОҚО ІІД-нің және Мақтаарал АІІБ-нің жедел-тергеу тобы келіп жетеді. Куәлерді сұрастыру барысында беттеріне медициналық бетперде киген алты белгісіз тұлғалар ғимараттың аумағына кіріп, күзетші мен есепшіні қарумен қорқытып, кассадан 1 624 000 теңге және есепшінің сөмкесінен 100 000 теңге ақшасы мен ұялы телефонын тартып алып, оқиға болған жерден белгісіз бағытта бой тасалаған",- деп хабарлайды ІІД.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ішкі істер департаментінде ОҚО ІІД және Мақтаарал АІІБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен құрылған арнайы топ жасақталды. Тергеу басқармасының қызметкерлері осы жайт бойынша ҚР ҚК-нің 179-бабы "қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қарақшылық шабуылдың ашылуына ОҚО ІІД-нің басшылығы жеке бақылауына алды. Жедел топ қызметкерлері күдіктілердің ізіне түсу үшін екі ай бойы жұмыс істеді. Із кесушілердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қарақшылық шабуылға қатысты барлық күдіктілер анықталды. Олар Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Күдіктілер өз мекен-жайлары бойынша 2010 жылдың 23 сәуір күні ұсталды",- делінген хабарламада.

"Бүгінде қарақшылық шабуылдың төрт қатысушысы қамауда, оның үшеуі Шымкент қаласының тұрғындары, ал біреуі Мақтаарал ауданының тұрғыны, соңғысы қылмыстық топты компания кеңсесіне алып барған. Күдіктілердің екеуі 1990, 1989 және 1986 жылы туған азаматтар. Ешқайда оқымайды және жұмыс істемейді.

Қазіргі таңда күдіктілер тергеу изоляторында отыр. Айғақзат ретінде екі ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленіп алынды. Қарақшылық шабуыл жасаған басқа да күдіктілерді ұстау шаралары жүргізілуде. Күдіктілердің сөзіне қарағанда ұрланғандарды өзара бөлісіп, қажеттіліктеріне жаратып жіберген",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны