Система Orphus

Оңтүстік Қазақстан облысында "Ынтымақ" бекетінің лейтенантына бұзақылық шабуыл жасалды

25.06.2012, 14:45 2635

Астана. 25-маусым. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында "Ынтымақ" бекетінің лейтенантына бұзақылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жексенбі, 24 маусым күні сағат 17:30-да Оңтүстік Қазақстан облысының Көктерек елді мекенінде Сарыағаш шекара жасағы "Ынтымақ" бекетінің лейтенантына бұзақылық шабуыл жасалды.

Белгісіз бес адам офицердің қасына көлікпен келіп, оған шабуыл жасап, соққыға жықты, тапаншамен қорқытып, көлікке күштеп отырғызғысы келді.

Шабуылды тоқтату және өз өмірі мен денсаулығын сақтап қалу мақсатында офицер қару қолданды: аспанға және көлік дөңгелектеріне ескерту оқ атты. Көлікті тастап кеткен шабуылшылар оқиға орнынан іздерін жасырды. Тексеру кезінде көліктен шолақ мылтық табылды.

Қаруды қолданудан кездейсоқ өтіп бара жатқан бір адам зардап шекті - жергілікті тұрғынға оқ тиіп, ол ауруханада көз жұмды.

Офицер түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Оған медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, шабуылдаушылардың тұлғаларын анықтау және оларды ұстау бойынша шаралар жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны